Сондай-ақ, депутат соңғы жылдары елдегі заңды тұлғалар санының тұрақты түрде артып келе жатқанын, бірақ бұл әрдайым сапалы жұмыс орындарының жеткілікті мөлшерде құрылуын білдірмейтінін атап өтті. Ол Еуропа мен Ресейдегі көші-қон саясатының қатаңдауы аясында, Орталық Азияның басқа елдерімен салыстырғанда жалақы деңгейінің айтарлықтай жоғары болуының арқасында, Қазақстанның бүгінгі таңда тартымды еңбек нарығына айналып отырғанын баса айтты.